Бокс
Бүгін 12:42

Өзбекстан да, Қазастан да емес. Бокстан АЧ-де кім көш бастап тұр?

©ҚБФ

Үндістан ұлттық құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өткен боксшылар саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалпы саны 16 үндістандық спортшы турнирдің 1/2 финалына жолдама алды. Екінші орында Қазақстан ұлттық құрамасы 13 боксшы. Үздік үштікті Өзбекстан ұлттық құрамасы 11 жартылай финалистпен түйіндеп тұр.

2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалындағы елдер рейтингі:
Үндістан — 16
Қазақстан — 13
Өзбекстан — 11
Қытай — 8
Моңғолия — 5
Таиланд — 4
Қытай Тайбэйі — 4
Жапония — 4
КХДР — 3
Тәжікстан — 3
Иордания — 3
Оңтүстік Корея — 2
Филиппин — 1
Түрікменстан — 1

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport