Бокстан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындықтың қорытынды кезеңін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz осы елдің Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"23 тамызда Олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне арналған республикалық дайындық орталығында Өзбекстан ерлер құрамасының Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны басталды.
Бас бапкер Тулкин Киличев бастаған бапкерлер штабы боксшыларды жарысқа жан-жақты дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Негізгі назар спортшылардың техникалық-тактикалық шеберлігін жетілдіруге және физикалық дайындығын оңтайлы деңгейге жеткізуге аударылуда.
Жиын барысында боксшылардың Азия ойындарында лайықты өнер көрсетуі үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Спортшылар әр жекпе-жекке мұқият дайындалып, ел намысын абыроймен қорғауды көздейді.
Өзбекстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйекке дейін жалғасады", - делінген федерация хабарласмасында.
XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.
Ал Қазақстан құрамасы Азия ойындарына Алматы облысында дайындалып жатыр. Ұлттық команда Ирак, Қытай және Англия боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Жаттығулар 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін өтеді. Осыдан кейін қазақстандық боксшылар дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Жапонияға аттанады.