Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Ливерпульде өткен әлем чемпионатының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"4–14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing жаңа федерациясы аясында ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатының жекпе-жектері өтті. Өзбекстан құрамасы жарысқа екі командамен қатысып, әсерлі нәтижеге қол жеткізді: біздің боксшылар екі күміс және үш қола жүлде жеңіп алды. Бұл нәтиже Өзбекстан құрамасына жалпыкомандалық есепте екінші орынды қамтамасыз етті. Ал ерлер құрамасы алты алтын жүлдемен турнирдің абсолют көшбасшысы атанды", – деп жазды федерацияның баспасөз қызметі.