Бокстан Өзбекстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнир 15-21 маусым аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің жетекші ұлттық құрамалары, оның ішінде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.
Өзбекстан командасының өтініміне Париж Олимпиадасының чемпионы Абдумалик Халоков енді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығады.
50 кг — Асилбек Жалилов
55 кг — Самандар Олимов
60 кг — Абдумалик Халоков
65 кг — Миркомил Саитохунов
70 кг — Шавкатжон Болтаев
75 кг — Жавохир Абдурахимов
80 кг — Жавохир Умматалиев
85 кг — Акмалжон Исроилов
90 кг — Турабек Хабибуллаев
+90 кг — Арман Маханов
48 кг — Фарзона Фозилова
51 кг — Феруза Казакова
54 кг — Азиза Якубова
57 кг — Нигина Уктамова
60 кг — Ситора Турдибекова
70 кг — Райхона Курбонбоева
75 кг — Азиза Зокирова
80 кг — Рухшона Парпиева
+80 кг — Олтиной Сотимбоева
Гуйяндағы Әлем кубогы кезеңі халықаралық бокс маусымындағы маңызды жарыстардың бірі саналады. Турнирге әлемнің үздік құрамалары қатысады. Олардың қатарында бұл додаға қатысатыны ресми түрде расталған Қазақстан құрамасы да бар.