Бокс
21 қараша 09:29

Өзбекстан Әлем кубогінде жүлде саны бойынша Қазақстаннан асып түсті

©Olamsport.com

Бокстан Өзбекстан құрамасы World Boxing Нью-Делиде (Үндістан) ұйымдастырған Әлем кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстаннан жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзбекстанның құрамы және жүлделері

Өзбекстан командасында 15 боксшы болды: тоғыз ер спортшы және алты бұрымды. Жарыста команда 13 жүлде иеленді: 4 алтын, 5 күміс және 4 қола.

Алтын:

Асилбек Жалилов (50 кг)
Самандар Олимов (55 кг)
Жавохир Абдурахимов (75 кг)
Халимжон Мамасолиев (90 кг-нан жоғары)

Күміс:

Жасурбек Юлдошев (85 кг)
Нусратбек Тохиров (90 кг)
Фарзона Фозилова (48 кг)
Азиза Зокирова (70 кг)
Олтиной Сотимбоева (81 кг-нан жоғары)

Қола:

Дилшод Абдумуродов (60 кг)
Адхам Мухиддинов (65 кг)
Мухаммадазизбек Исмоилов (70 кг)
Гулсевар Ганиева (51 кг)

Қазақстан құрамасы қандай жүлдеге қол жеткізді?

Қазақстан құрамасы бұл турнирге сегіз ер және бес бұрымды боксшы апарды. Команда 1 алтын, 1 күміс және 6 қола жеңіп алды.

Алтын:

Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг)

Күміс:

Нұрбек Мұрсал (70 кг)

Қола:

Жансая Рахымберді (51 кг)
Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)
Диана Мағауияева (80 кг)
Әсел Тоқтасын (+80 кг)
Санжарали Бегалиев (80 кг)
Даниял Сапарбай (+90 кг).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport