Өзбекстанның бокс құрамасы 2025 жылы Ливерпуль (Англия) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамын іріктеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ерлер құрамасының құрамы:
Шодиёржон Меликузиев, Асилбек Жалилов, Миразизбек Мирзахалилов, Шахзод Музаффаров, Абдумалик Халоков, Самандар Олимов, Саят Ілясов, Асадхужа Муйдинхужаев, Шавкатжон Болтаев, Мухаммадазизбек Исмоилов, Адхамжон Мухиддинов, Фазлиддин Эркинбоев, Нурислом Исмоилов, Жавохир Умматалиев, Жасур Йулдошев, Акмалжон Исроилов, Турабек Хабибуллаев, Шахзод Полвонов, Жахонгиз Закиров, Арман Маханов.
Әйелдер құрамасының құрамы:
Сабина Бобокулова, Жасмин Тахирова, Фарзона Фозилова, Феруза Казакова, Нигина Уктамова, Азиза Якубова, Хуморабону Мамажонова, Ситора Турдибекова, Навбахор Хамидова, Азиза Закирова, Сохиба Рузметова, Олтиной Сотимбоева.
Әлем чемпионаты басталмас бұрын Өзбекстан құрамасы Англияда халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ерлер құрамасы 17 тамыз күні Шеффилд қаласына аттанады, ал әйелдер құрамасы 20 тамызда барады. Жаттығу жиыны 1 қыркүйекке дейін жалғасады және бұл әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңі болмақ, деп хабарлайды Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтетін бокстан әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпуль (Англия) қаласында өтеді.
Жарнама