Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына Қазақстанның 26 боксшысы жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан шешуші жекпе-жектерге шыққан спортшылар саны бойынша үздік үш елдің қатарына енді. Отандастарымыз U15 және U17 жас санаттарында алтынға таласады.
Финалистер саны бойынша үздік үштік:
Өзбекстан – 37
Қазақстан – 26
Үндістан – 24
U15 санаты:
Өзбекстан – 21
Қазақстан – 15
Үндістан – 15
Қырғызстан – 3
Қытайлық Тайбэй – 2
Түрікменстан – 2
Оңтүстік Корея – 1
Иран – 1
U17 санаты:
Өзбекстан – 16
Қазақстан – 11
Үндістан – 9
Қытай – 4
Жапония – 2
Тәжікстан – 2
Иран – 2
Вьетнам – 1
Түрікменстан – 1
Моңғолия – 1
Бахрейн – 1
Иордания – 1
Оңтүстік Корея – 1
13 мамыр күні турнирде демалыс күні жоспарланған. Ал U15 санатындағы финалдық жекпе-жектер 14 мамырда өтсе, U17 дивизионындағы чемпиондар 15 мамыр күні анықталады.