Өзбекстан құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Шахзод Музаффаров Иордания боксшысы Махди Алмашалехті төрешілердің ортақ шешімімен (5:0) жеңді.
Осылайша, өзбекстандық боксшы 1/4 финалға жолдама алып, келесі кезеңде қазақстандық Махмұт Сабырханмен кездеседі.
Махмұт Сабырхан — Шахзод Музаффаров жекпе-жегі 3 сәуір күні өтеді.
Жарнама