Өзбекстан бокс федерациясы Айти мен Нагояда өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың толық құрамын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тулкин Киличев жетекшілік ететін ерлер құрамасы жарыс алдындағы дайындықтың соңғы кезеңін аяқтады. Команда Жапонияның Нисио қаласында екі апта бойы халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді. Әйелдер құрамасын жарысқа Элшод Расулов дайындап жатыр.
Өзбекстан құрамасының толық құрамыЕрлер:
55 кг: Самандар Олимов
60 кг: Абдумалик Халоков
70 кг: Шавкатжон Болтаев
80 кг: Фазлиддин Эркинбоев
90 кг: Турабек Хабибуллаев
+90 кг: Жахонгир Зокиров
Әйелдер:
51 кг: Феруза Казакова
54 кг: Нигина Уктамова
60 кг: Ситора Турдибекова
65 кг: Навбахор Хамидова
75 кг: Азиза Зокирова
Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.