Өзбек пен қазақ боксшының ӘЧ-дегі айқасы бір жақты сабаумен өтті

©Видеодан скрин

Армения астанасы Ереванда 2023 жылғы жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіде өнер көрсететін қазақстандық Алдияр Бахадур бұл жарыстың 1/8 финалында өзбекстандық Хусан Кохоровпен жекпе-жек өткізді. 

Бұл айқаста төрешілер жеңісті бір ауыздан өзбек боксшыға берді - 5:0.

Айта кетейік, Алдияр Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport