Бокс
11 тамыз 13:32

Өзбек пен қазақ боксшы АЧ алтыны үшін нағыз айқасқа түсті

©instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстандық Нұрбек Мұрсал Бангкоктағы (Таиланд) жастар арасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

2025 жылғы құрлықтық жарыста 22 жасқа дейінгі боксшылар алтынға таласып жатыр.

70 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Нұрбекке өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмоилов қарсы тұрды.

Бірінші раунд Исмоиловтың пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Ал екінші үш минуттық кезеңде Мұрсал айқын басымдық танытты, есеп дәл сондай - 1:4.

Осылайша, алтын жүлденің тағдыры соңғы үшінші раундта шешілді. Бұл раундта жеңіс Мұхаммадазизбектің еншісінде кетті.

Нұрбек Мұрсал Азия чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады. Жалпы есеп өзбекстандық боксшының пайдасында 4:1.

Бұған дейін қазақстандық Нұрислам Қалдыбаев өзбекстандық Шохрух Абдумаликовты жеңіп, ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды.

Сондай-ақ, финалда өнер көрсеткен Илья Калинин өзбекстандық қазақ Саят Ильясовқа жол берді.
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport