Өзбек нокаутшы және абсолют чемпион. Головкин промоутері АҚШ-тағы бокс кеші туралы құлақтандырды

Шахрам Гиясов. Сурет: Allboxing
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн АҚШ-қа келіп, DAZN стриминг қызметімен бокс кешін ұйымдастырады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Бұл шоу 15 тамыз Оклахома штатындағы Тулса қаласында өтеді. Мұндағы басты жекпе-жекте рингке өте жеңіл салмақта WBC чемпионы мексикалық Хулио Сесар Мартинес (16-1, 12 КО) пен Пуэрто-Рико боксшысы Макуильямс Арройо (20-4, 15 КО) міндетті үміткер ретінде шығады.

Сонымен қатар, басты оқиғалар қатарында - жартылай орта салмақта абсолют чемпион колумбиялық Сесилия Брэкхус (36-0, 9 КО) америкалық Джессика Маккаскиллмен (8-2, 3 КО) жекпе-жегі бар.

Ал шоу кардында:

- бірінші жартылай орта салмақта өзбекстандық Шахрам Гиясов (9-0, 7 КО) мексикалық Франсиско Рохомен (22-3, 15 КО) кездесуі;

- америкалық Никита Абабий (8-0, 6 КО) орта салмақта келесі жекпе-жегін өткізеді. Қарсыластың кім болатыны әзірге белгісіз;

- америкалық Марк Кастро жартылай жеңіл салмақта бірінші рет жұдырықтасады. Осы дивизионда тағы бір АҚШ боксшысы Рэймонд Форд (5-0, 2 КО) та рингке шығады. Олардың қарсыластары да әзірге белгісіз.