Қазақстандық бұрымды боксшы Ақнәр Ишанова Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында финалдық айқасын өткізді, деп жазады Vesti.kz.
66 келіде өнер көрсететін Ақнәрдің финалдағы қарсыласы өзбекстандық Айсанем Саруарова болды. Бұл жекпе-жекте Ишанова үшінші ранудта нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Азия чемпионы атанған қазақстандық боксшы құрама қоржынына жетінші алтынды салды.