Өзбек чемпионды жеңген қазақ боксшы Азиада финалына шықты

©egemen.kz

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Ханчжоудағы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келі салмақтағы жартылай финалда Тоқтарбек жастар арасында 2022 жылы өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, өзбекстандық Турабек Хабибуллаевты жеңді - 4:1.

Енді Тоқтарбек Азиада алтыны үшін айқасады және жеңіліп қалған жағдайда да күміс жүлде алады. 

Еске салайық, бұл жарыстың 1/8 финалында Тоқтар қазақстандық Нұрбек Оралбайды жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

26 жастағы қандасымыз көктемде Өзбекстан астанасында өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport