Өзбекстандық әлем чемпионы Абдумалик Халоков Қазақстан және Куба боксшыларымен бірге өткізіп жатқан жаттығу жиыны туралы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Әрине, әдеттегідей Қазақстан мен Өзбекстан - бұл боксы мықты елдер, кубалықтар да осында. Қазір жұпта жаттығып, бір-бірімізді жақсырақ біліп жатырмыз. Бұның жақсы жағы бар, өтйкені алда Олимпиада. Әркім өзі жеке дайындалса, ол қиындау болады. Өйткені бізде қалада бәрі бір-бірін таниды - олармен қайтіп жұдырықтасасың? Сондықтан біріккен жаттығу жиыны - ол жақсы. Азарт пайда болады, әрине спорттық азарт пен ашу", - дейді Халоков.