Бокс
27 мамыр 2025 09:33

"Өзбек боксының қорқынышы" атанған қазақ күтпеген жерден жеңілді

©instagram.com/qaz_team_official

"Өзбек боксының қорқынышы" атанып кеткен қазақстандық Оразбек Асылқұлов Бангкок қаласында өтіп жатқан халықаралық Thailand Open турнирінде күтпеген жерден жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл осы жарыстағы екінші айқас еді

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Асылқұлов ұпай санымен ринг иесі Танапхансакон Каласиге есе жіберді.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Асылқұлов Қырғызстаннан келген Мирзохид Имамназаровты сенімді түрде жеңген болатын.

Асылқұлов 2023 жылғы Странджа кубогінде өзбекстандық Олимпиада чемпионы Абдумалик Хаолоковты жеңген болатын, міне содан кейін ол "Өзбек боксының қорқынышы" атана бастаған еді. 

Thailand Open жарысы 24 мамырда басталды және 1 маусымға дейін жалғасады, бұл турнирге Қазақстан, Таиланд, Қытай, Жапония, Өзбекстан және басқа елдердің спортшылары қатысып жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport