Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Даниял Шалқарбай Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол өзбекстандық Саидхужа Садиллахужаевты жеңді. Екінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға да түсірді.
Бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасы сапында Аяулым Оспанова (66 кг), Жұмағали Нұрмаған (50 кг) және Досжан Жұмахан (54 кг) чемпион атанған болатын.
Жарнама