Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол ресейлік Андрей Пегливанянды 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Асылқұлов Өзбекстан боксшыларымен жекпе-жектерде де басымдық көрсетіп жүр. Осы үшін ол "өзбек боксшылардың үрейі" деген лақап атқа ие болған. 2023 жылы ол Странджа кубогінде Асылқұлов Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоқовты жеңген еді.
Жарнама