Бокс
Кеше 19:21

"Өзбек боксшылардың үрейі" әлем чемпионаты алтыны үшін "лас" қарсыласпен айқасты

©Instagram/boxingkazakhstan

Бүгін, 13 желтоқсан IBA Дубайда өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатының қазақстандық Оразбек Асылқұлов шешуіші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіде өнер көрсететін Асылқұловтың финалдағы қарсыласы тәжікстандық Хусравхон Рахимов болды. Бұл жекпе-жекте Рахимовтың жеңіске деген ұмтылысы үлкен болғаны соншалық ол Оразбек басым бола бастаған кезде клинчке кіріп, қазақстандықты мойынан қыса берді. 

Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті  5:0 есебімен Оразбекке берді. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан рингке Сәкен Бибосынов шығып, ресейлік боксшымен алтын үшін айқасқан болатын

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport