Бүгін, 13 желтоқсан IBA Дубайда өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатының қазақстандық Оразбек Асылқұлов шешуіші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіде өнер көрсететін Асылқұловтың финалдағы қарсыласы тәжікстандық Хусравхон Рахимов болды. Бұл жекпе-жекте Рахимовтың жеңіске деген ұмтылысы үлкен болғаны соншалық ол Оразбек басым бола бастаған кезде клинчке кіріп, қазақстандықты мойынан қыса берді.
Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Оразбекке берді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасынан рингке Сәкен Бибосынов шығып, ресейлік боксшымен алтын үшін айқасқан болатын.
Жарнама