Бокс
Бүгін 20:29

Өзбек боксшыдан басым түскен қазақстандық ӘЧ финалында жеңілді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Черногорияның Будва қаласында өткен U-19 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ол ирландиялық Джон Донохьюге төрешілердің ортақ шешімімен (0:5) есе жіберді.

Шешуші жекпе-жекке дейін қазақстандық боксшы қатарынан төрт қарсыласын таза жеңген еді. 1/16 финалда аргентиналық Сантьяго Хименес Лоссоны 5:0 есебімен, 1/8 финалда аустралиялық Люк Насифті де 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Ал ширек финалда АҚШ боксшысы Асанте Ламардан 3:0 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда қазақстандық боксшы өзбекстандық Зулфикор Адхамжоновты 4:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 2026 жылы Әшірбай Таиландта өткен Futures Cup турнирі мен U-19 Азия чемпионатында топ жарды. Енді келесі аптада қазақстандық боксшы Сенегалдың Дакар қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport