Өзбек боксшы мен "Британиялық Ломаченконың" айқасы қанды нокаутпен бітті

©NotiFight

Англияның Ньюкасл қаласындағы Newcastle аренасында өткен бокс кешінде өзбекстандық Отабек "Брюс Ли" Холматов (11-0, 10 КО) пен жергілікті Томас Патрик Уорд (33-1-1, 5 КО) арасында WBA тұжырымы бойынша элиминатор жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзбек боксшы "Британиялық Ломаченко" атанып кеткен қарсыласын бірінші раундта-ақ бір құлатты. Төртінші раундта тағы бір нокдаун болды. 

Келесі раундта бірнеше соққы өткізіп алған Уорд шалқасынан түсті, ал оның командасы рингке ақ орамал лақтырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport