Бокс
Бүгін 13:33

Өзбек боксшы Канелодан мықты екені айтылды

©instagram.com/canelo

Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньяджи америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) кейінгі айқасында өзбекстандық Исраил Мадримовты (10-1-1, 7 КО) неге әзер жеңгенін түсіндірді. 

Оның айтуынша, бұл Кроуфордтың өз салмағында болмағаны немесе жасына байланысты баяулап бар жатқандығынан емес, Мадримовтің күштілігінен деп отыр. 

Малиньяджидің ойынша, Исраил тіпті мексикалық Сауль Канело Альварестен (62-2-2, 39 КО) де мықты екен.

"Меніңше, Мадримов - ол Канелодан да мықты боксшы. Әсіресе Канелоның қазіргісіне қарағанда. Иә, Сауль әлі де ірі және бұрынғысынша қуатты. Бірақ Мадримов соңғы айқаста Кроуфордты ойландырып қойды, ал Канелоның қолынан ондай келе қоймас. 

Кроуфорд Канелодан әлдеқайда шебер деп ойлаймын, алайда, оған ірілігіне байланысты шамасы келмеуі мүмкін. Салмақ дәржелері бекерге жасалған жоқ қой", - деп береді сарапшының сөзін vRINGe.com.

Мадримов Америкада абырой жинап алды

Мадримов пен Кроуфорд тамыз айында жұдырықтасып, 12 раунд қортытындысы бойынша Теренс төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал сарапшылардың көбі бұл айқас Теренс үшін өте ауыр өткенін айтуда. 

Ал Канело мен Кроуфорд қыркүйек аййында жекпе-жекке шығады деп күтілуде. 

Айта кетейік, британиялық промоутер Эдди Хирн Мадримовты "Өзбекстандық Головкин" деп атаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport