Өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевтың тістегеніне қатысты аппелаяция берілгеннен кейін Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атағын алды.
Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсанда IBA мен ASBC ұйымдарына 71 келідегі финал нәтижесіне қатысты наразылық білдірді. Ресми хабарламада Асадуллаев Жүсіповке қарсы спорттық ережені дөрекі түрде бұзғаны айтылады.
АЧ финалында өзбек боксшы финалда қазақ қарсыласын тістеп алған
Нәтижесінде IBA мен ASBC жекпе-жекті қайта қарап шығып, келесідей шешім шығарды: Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп мойындалды, ал өзбектсандық боксшы белгілі бір уақытқа жарыстардан шеттеледі.