Өзбекстандық боксшы Абдулазиз Абдуназаров Бангкокта (Тайланд) өтіп жатқан жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатында жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдуназаров Гонконг боксшысы Кит Фу Танды жеңді. Абдуназаров қарсыласын бірінші раундта-ақ үш рет нокдаунға түсіріп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылай өзбек боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бүгін қазақстандық екі боксшы рингке шыққан болатын: Әділбек Кожахан (55 келіге дейін) күтпеген жерден Қытай Тайбэйінен келген Пэн Чзя-Фэньнен жеңілді. Ал Әділет Төртубек (60 келіге дейін) Үндістаннан келген Шубхамды жеңді.