Өзбек бокшсы Ташкенттегі ӘЧ-де Санжар Тәшкенбайдан есе қайтармақ

©Zamin.uz

Өзбекстандық Шодиер Меликузиев Ташкенттегі әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбаймен айқасады. Бұл жекпе-жек 48 келідегі 1/8 финал кезеңінде өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 2023 жылы Таиланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатында жұдырықтасып, Санжар төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

"Келесі жекпе-жегім қазақстандық боксшыға қарсы. Біз жастар арасындағы Азия чемпионатында бір кездескенбіз. Ол кезде ұпай санымен ұтылдым. ИншаАллах, өз еліміздегі чемпионатта оны жеңемін деген үміттемін", - деп береді Меликузиевтің сөзін sports.uz.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: