Казахстан құрамасының боксшысы Махмұт Сабырхан Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогінде екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда ол филиппиндік Эарон Джуд Бадомен жұдырықтасты.
Бірінші раундта-ақ Сабырхан қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда екінші раундтың басында қазақстандық боксшының өзіне де нокдаун есептелді. Соған қарамастан, Махмұт артынша қарсыласын үш рет қатарынан есеңгіретіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Сабырхан техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды және кем дегенде қола жүлденге жетіп отыр.
Жарнама