Бокс
6 қазан 09:54
 

"Ойнауға болмайды, ол нағыз баскесер". Атақты чемпион бәрінің үрейіне айналған қазақ жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Ойнауға болмайды, ол нағыз баскесер". Атақты чемпион бәрінің үрейіне айналған қазақ жайлы ©

Әлемдік бокс Даңқ залының мүшесі Тимоти Брэдли екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Терренс Кроуфорд (42-0, 31 KO) пен орта дивизиондағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) арасында жекпе-жек өтсе не болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Әлемдік бокс Даңқ залының мүшесі Тимоти Брэдли екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Терренс Кроуфорд (42-0, 31 KO) пен орта дивизиондағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) арасында жекпе-жек өтсе не болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жәнібек - ол ойыншық емес. Жоқ, мырза. Бұл Кроуфорд үшін өте ауыр жекпе-жек болады. Мен Кроуфордты құрметтеймін, менің оған қалай қарайтынымды білесіздер. Бірақ ашығын айтсам - Жәнібекпен жұдырықтасқан дұрыс емес. Ол салқы қанды, солақай.

Ол туралы көп естімеген боларсыздар? Ештеңе етпейді. Тек мынаны біліңіздер - жылдамдық, күш, бой, қорғаныс, шабуыл, аяқпен жұмыс, бұрыштар. Бұл жігіт - нағыз машина. Нағыз баскесер.

Егер Кроуфорд төмен салмаққа түсіп, онымен кездесуді қаласа, оның мұрасы... зардап шегуі мүмкін. Иә, қазір Жәнібектің есімі көп айтылмайды, бірақ, бұл жекпе-жекті бәрі Кроуфорд үшін көреді. Мен сіздерге айтайын - Жәнібекпен ойнауға болмайды", - деді Брэдли Secondsout порталына берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол сәуір айында бұл белбеулерін сәтті қорғап, Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген еді.

Бейресми ақпарат бойынша, қазақстандық боксшының келесі қарсыласы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) болуы мүмкін. Бұл жекпе-жек үш титулды біріктірмек. Алайда бұл кездесу әлі ресми түрде расталған жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!