Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Мадияр Саидрахимов қазақстандық Айбек Оралбайды жеңігеніне сенімді болмағанын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келі салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен аяқталды. Бұл айқаста қарсыластар бір-бірін нокдаунға түсірді.
"Өте ауыр айқас, өйткені қарсылас мықты болды. Қолымды көтергенге дейін жеңдім деп ойлаған жоқпын", - дейді Мадияр.