Англияның Лиеврпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалға жолдама үшін айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келі салмақтағы жартылай фианлда Санжардың қарсыласы кубалық Алехандро Кларо Фис болды.
Бірінші раундта кубалық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті - 3:2. Ал екінші раунд бастала салысымен рингтегі төреші қазақстандық боксшыға нокдаун есептеп, түсініксіздеу шешім шығарды. Өйткені Санжар артқа шалқалақтап, аяғы шалынып құлаған еді.
Дегенмен Санжар үшін бұл белгі болғандай - қазақ боксшы осы сәттен агрессияны қосып, раундты 4:1 есебімен жұлып алды. Үшінші шешуші раунд тартысты өтіп, онда да Санжар 3:2 есебімен басым түсті.
Осылай Санжар Тәшкенбай жалпы 4:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Енді Тәшкенбай Соуши Макино (Жапония) - Батулга Алдархишиг (Моңғолия) жекпе-жегінң жеңімпазымен әлем чемпионатының алтынын сарапқа салады.