Өтірігі ашылды. 22 нокауты бар чемпион Головкиннен қашқаны ашық айтылды
Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) отандасы Крис Юбенкпен (30-2, 22 КО) өтуі ықтимал қарымтаны сөз ете отырып, қарсыласының 2016 жылы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) айқасудан қашқанын да айта кетті.

"Ол назардан тыс қалмас үшін ғана менің атымды атайды. Егер шынымен үлкен жекпе-жек қаласа, 2016 жылы Головкинмен жұдырықтасар еді. Бірақ оның орнына Келл Брук шықты, екі салмақ жоғары көтерілу керек болса да. Оның мүмкіндігі көп, бірақ үлкен деуге келетін екі кеддасу ғана өткізді - мен және Джордж Гроувзге қарсы. Екеуінде де жеңіліп қалды.
Ал енді қарымтада ол өз шарттарын қоятын "А" тарабы болғысы келеді... Осыдан-ақ Фрэнк Уоррен де, Эдди Хирн де неге онымен жұмыс істегісі келмейтіні түсінікті. Көбімен сөйлестім, онымен бәрі келісе алмады. Ол ешкімді жеңбеген, чемпионға жуық деңгейдегі боксшыны да", - деп береді Сондерстің сөзін fightnews.info.
Еске салайық, Юбенк кейінгі уақытта белсенділік танытып, 2022 жылы Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
Жарнама