Бокс
6 сәуір 2022 22:17

"Өткенге өкінбеймін". Геннадий Головкин маңызды айқасы алдында мәлімдеме жасады

©boxingnewsonline.net

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) 9 сәуірде Риота Муратамен (16-2, 13 KO) өтетін айқасы алдында сұхбат берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Өзімнің карьерама көңілім толады. Өткенге өкінбеймін. Жасым қырыққа таяп қалды. Жалпы қырықтағы адамдардың қандай болу керектігін білмеймін. Өз басым өзімді жақсы сезінемін. Рингте жұдырықтасатын шамам болғандықтан осы жасқа дейін жекпе-жектер өткізіп келемін. Әрине, жаттығуларым бұрынғыдай емес. Жас қосылған сайын жаттығу кезінде кейбір детальдарды өзгертуге тура келеді. Дегенімен, осы аптадағы айқасқа дайынмын", - дейді Головкин Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, 9 сәуір күні Жапонияның Сайтама қаласында Геннадий Головкин жергілікті WBA тұжырымының "суперчемпионы" Риота Муратамен жұдырықтасады. Жекпе-жекті елорда уақытымен күндізгі сағат 15:00 бастап Qazaqstan және Qazsport арналарының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport