"Өте мықты боксшы, алайда...". Сарапшы Садриддин Ахмедовтің өзіне кесірі тиюі мүмкін ерекшелігін атады

Садриддин Ахмедов. Сурет: Eye of the Tiger Management©

Қазақстандық проспект Садриддин Ахмедов - өте мықты боксшы. FightSpace жобасының негізін қалаған Григорий Стангрит осылай есептейді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол қазақстандыққа қатысты өзінің не байқаған айтты. 

"Садриддин - өте мықты, әрі қуатты боксшы. Егер жекпе-жектері туралы айтсақ, өте тамаша өтеді. Маған оны тамашалау ұнайды.

Мен байқаған бір дүние, ол күшке салатын сияқты. Егер ол физикалық және менталды тұрғыда мықты боксшымен кезігіп қалса, күшке негізделген бокс нәтиже бермейтініне дайын болып, жекпе-жек үстінде бейімделу керек болады. 

Атап айтайын - бұл боксшыға немесе бапкерге кеңес емес, олар жұмысын менен артық біледі. Бұл сырт көздің бақылауы ғана - мүмкін, қате бақылау. Ол жанкүйерлер базасын өсіре береді деген үміттемін. Бұл өте тартымды және мықты боксшы", - дейді Стангрит.