"Осындай денемен". Атақты Холифилд карьерасын аяқтауға мәжбүр еткен боксшыны атады

Сурет: topsports.am
Екі дивизионда абсолют чемпион болған америкалық Эвандер Холифилд (44-10-2, 29 KO) боксшылардың кейінгі толқынымен тайталаса алмайтынын сезгендіктен бокстан кеткенін мойындады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Кез келген стильге бейімделе алатын едім. Кез келген уақытта өнер көрсетіп, кіммен болсын жұдырықтасар едім. Соққылардан қаша алып, жақсы қозғалатынмын, аяғым да жақсы жұмыс істейтін, жылдамдық та жаман емес еді. Соққыларымды комбинациямен ұратынмын. Есеңгіретіп жіберетінмін. Қысқасы боксты қатты сүйетінмін", - деп береді боксшының сөзні BoxingScene.

Қазіргі таңда 57 жастағы Холифилд қайырымдылық үшін боксқа оралмақ, алайда, мықты боксшылармен жұдырықтаспақ емес. 2008 жылы 46 жаста болған Эвандер 19 жастағы Энди Руиспен спарринг өткізген екен. 

"Сол кезде боксты қою керек екенін түсіндім. Қазіргі суперауыр салмақтағы боксшылар қайда ірі және рефлекстері де жылдамырақ. Руиске қарсы жақсы тұрып бердім, бірақ, спаррингке дейін оны сабайын деп ойлағанмын. Сондықтан, мынадай жігіт осындай денесімен маған қиындық тудырғандықтан ойланып қалдым", - дейді Холифилд.
Жаңалықтар