| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:18
 

Осымен сегізінші. Төрешілер қазақ боксшыны Әлем кубогі жүлдесінен "айырды"

  Пікірлер

blog.share

Осымен сегізінші. Төрешілер қазақ боксшыны Әлем кубогі жүлдесінен "айырды" ©

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының бокстан Әлем кубогының екінші кезеңіндегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының бокстан Әлем кубогының екінші кезеңіндегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол Болгария боксшысы Рами Киванмен кездесті. Қарсыласы әлем чемпионатының финалисі.

Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті болгариялық боксшыға берді.

Осылайша, Рами Киван турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қолаға жетіп отыр. Ал Тимур Нұрсейітов жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін аталған турнирдегі сегізінші жеңіліс болды.

Бұған дейін Әлем кубогының ширек финалында Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі) және Виктория Графеева (60 келі) жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Ал Лаура Есенгелді (70 келі) өз жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!