Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған жастардың жарысына Алматы қаласының аға жаттықтырушысы Бағдат Оңғарбеков жоғары бағасын берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қазақстан жастар құрамасы алдына қойған мақсатын толыққанды орындап шықты. Жігіттеріміз сегіз алтын алды. Сонымен қатар, олардың арасында жамбылдық Елнұр Сүйінбай турнирдің ең үздік боксшысы атағын қоса иеленді. Алматылық боксшыларға сәттілік жолдас болмады. Төрешілер жоқ жерден есеп ашқан сәттері болды. Соның салдарынан жекпе-жектің тағдыры шешіліп кетті. Алматының намысын үш былғары қолғап шебері қорғады. Олардың екеуі күміс, біреуі қола медальмен марапатталды. Париж Олимпиадасына жастардың арасынан барады деген ойдамыз. Себебі, жастардың осы буыны өте талантты. Қай-қайсын алмасаңыз да бәрі мықты", - дейді маман.