Бокс
25 қаңтар 2019 11:34
 
"Орта салмақты жапырып өтеміз". Альварес абсолют чемпион атанбақ

  Пікірлер

blog.share

"Орта салмақты жапырып өтеміз". Альварес абсолют чемпион атанбақ Reuters©

Орта салмақта WBС және WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) бапкері Эдди Рейносо La Afición баслымына берген сұхбатында мексикалық боксшының алдағы жоспарлары туралы айтты. 

4 мамырда "Канело" IBF чемпионы амеркиалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Осыдан кейін мексикалық абсолют чемпион атану үшін жекпе-жек өткізбек - бұл үшін ол WBO чемпионын жеңуі қажет. Қазір бұл титул америкалық Деметриус Андрадеде (27-0, 17 КО).

"Бұл қауіпті жекпе-жек, өйткені Джейкобс қиын қарсылас. Соққылары ауыр, бірақ, біздің мақсат - қалай да болмасын жеңу. Орта салмақты жапырып өткіміз келеді, осыдан кейін болашақ туралы ойлаймыз. Әзірге міндет - алдағы жекпе-жек, осыдан кейін кім болмасын WBO чемпионымен жұдырықтасу", - дейді Рейносо.

Айта кетейік, Альваресті бала кезінен Эдди және оның әкесі Хосе "Чепо" Рейносо жаттықтырып келеді.

Жарнама

Живи спортом!