Орта салмақта. Қазақстандық кәсіпқой әлемнің ең мықты үш боксшысы қатарына кірді

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) BoxRec тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшылардың топ-3 тізіміне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Мейірім бұл рейтингте төртінші болатын. Ал жаңартылған тізімде үшінші орынға көтерлді. Оның алдында тек кіші Крис Юбенк пен Лиам Смит тұр. 

Айта кетейік, Доминикана Республикасында өтіп жатқан WBO конвенциясында Нұрсұлтанов 2023 жылдың үздік боксшысы атанды. 

Ал оған дейін BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды. 

Қазір Мейірім орта салмақта WBC рейтингінде екінші, IBF - бесінші және WBO желісі бойынша үшінші орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар