Орта салмақта WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кіші Крис Юбенктің батылдығына күмән келтірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Британиялық Крис Юбенк өткен демалыста өзінің отандасы Лиам Смитті қарымта жекпе-жекте нокаутпен жеңіп, Геннадий Головкинді айқасқа шақырды.
"Оған неге Головкин керек? Неліктен ол менің атымды атамайтынын білесіз бе? Өйткені мен түнгі үреймін. Орта салмақта бір ғана патша бар! Ол мен! Юбенк - оңай шаруа", - деп жазды Жәнібек Твиттерде.