Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен британиялық Крис Юбенктің (35-3, 25 KO) жекпе-жектеріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сәуір айының басты айқастарыСәуірде орта салмақ көшбасшылары бірқатар маңызды жекпе-жектер өткізді. 5 сәуір күні Астанада Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF титулын франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-1, 9 KO) қарсы жекпе-жекте қорғап, қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсірді.
Ал 26 сәуір Лондонда (Ұлыбритания) IBF және WBC рейтингінде үшінші тұрған Крис Юбенк отандасы Конор Бенмен (23-1, 14 KO) көптен күткен жекпе-жекке шықты. 12 раундқа созылған кездесу төрешілер шешімімен Юбенктің пайдасын шешілді.
Бұл айқастардан кейін Адамес бәскелестерінің шеберлігіне күмәнмен қарады.
Орта салмақтың үздігі кім?"Кейінгі бірнеш еаптада мен өз салмағымдағы боксшылардың жекпе-жектерін тамашаладым және бәрінен бір саты жоғары тұрғаныма көзім жетті. Қазір мен орта салмақтағы ең мықты боксшымын», - деді Адамес.
Бұл мәлімдеме жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды. Бір жанкүйер дивизионның әлсіз екенін айтып, Адаместен үш белбеу үшін Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуді сұрады. Алайда доминиканалық чемпион қазақ боксшысының есімін атамастан жауап берді:
Алимханұлымен айқас бола ма?"Егер олар әлсіз болса (дивизиондағы боксшылар), бұл менің кінәм емес. Менің міндетім - ең мықты болу", — деп жазды Адамес X әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес арасында жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздер жүріп жатқаны хабарланған болатын. Алайда қазіргі таңда тараптар арасында нақты келісім жасалғаны туралы ресми мәлімет жоқ.
Айта кетейік, Адамес соңғы рет 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) тең түсіп, белбеуін сақтап қалған.
Жеңілмеген проспект! Әлімханұлына рекорды 20-0 қарсылас табылды