Бокс
21 маусым 2021 12:00
 

"Орта салмаққа әмірімді жүргіземін". 22 нокауты бар чемпион Головкинмен жекпе-жек уақытын белгіледі

  Пікірлер

blog.share

"Орта салмаққа әмірімді жүргіземін". 22 нокауты бар чемпион Головкинмен жекпе-жек уақытын белгіледі Сурет: EssentiallySports

Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) дивизиондағы барлық белбеуді біріктірмек ниетте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

blog.share

Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) дивизиондағы барлық белбеуді біріктірмек ниетте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аllboxing.ru.

"Орта салмақ - ол менің дивизионым. Белбеулерді біріктіргім келеді. Геннадий Головкинмен (IBF чемпионы) рингке шықсам деймін. Хьюстонда айқасамын. Егер орта салмаққа түскісі келсе, осында, Хьюстонда Сауль "Канело" Альвареспен де жұдырықтасқым келеді. Бұл менің салмағым", - дейді чемпион.   

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) желтоқсанда орта салмақта WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, ал Чарло осы кездесу жеңімпазымен айқасуға үмітті. 

"Головкин титулдарды біріктірмек, одан кейін біз осы белбеулердің бәрі үшін айқаса аламыз. Егер Мурата жеңсе, мен жеңімпазбен кездесемін. Арыстан аңға шыққанда не істейтінін білесіз бе? Аулау мен артынан қуудың айырмасы бар. Біз аулаймыз. Мен осында қаламын. Орта салмаққа әмірімді жүргіземін. Бұл менің кезекті қорғауым болды және алда әлі қорғаулар көп болады. Мен жаспын, ұмтылысым зор және оған дайынмын", - дейді Чарло. 

Жарнама

Живи спортом!