Бокс
24 қараша 2020 13:24
 

"Орта салмақ патшасы мен!". Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында кімді болсын сабауға дайын

  Пікірлер

blog.share

"Орта салмақ патшасы мен!". Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында кімді болсын сабауға дайын Сурет: TOP RANK ©

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті рет мәлімдеме жасады. 

blog.share

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті рет мәлімдеме жасады. 

"Тағы да айтамын. 160 фунтта мен патшамын. Бокстан хабары барлар біледі. Егер чемпиондарда сұрақ болса, жауабын рингте алады. Кімді болсын сабап беремін", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде. 

Әлімханұлы орта дивизион чемпиондарын бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын. Қазіргі таңда бұл салмақта  IBF және IBO белбеуі Геннадий Головкинде (40-1-1, 35 КО), мексикалық Сауль Альваресте (53-1-2, 36 КО) WBA Super мен WBC Franchise титулдары, WBC амеркиалық Джермалл Чарлода (31-0, 22 КО), ал WBO чемпионы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО).

Жәнібектің өзінде екінші деңгейлі WBO Global және WBC Continental Americas титулдары бар. Қазақ боксшы кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Гонсало Корионы нокаутқа түсірген (16-4, 6 КО).

Жарнама

Живи спортом!