Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы орта дивизионда WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы ықтимал. Екі тарап белбеулер біріктірілетін жекпе-жек туралы келіссөз бастағаны хабарланған.
Бұл жайында Fino Boxing басылымына мексикалық Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді.
"Головкин жапониялықпен жұдырықтасқысы келеді. Иә, ол да чемпион, бұл үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін", - дейді Бельтран.
Сонымен қоса, Головкин мен Мунгия 7 мамыр Техаста жекпе-жек өткізу туралы келіскені де хабарланған болатын. Дегенмен, кейін мексикалық бұл ойынан бас тартып, сәуірде басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды.