Бокс
1 қыркүйек 2021 09:55
 

Орта салмақ чемпионы Головкиннің титулдық жекпе-жегін алып қоймақ

  Пікірлер

blog.share

Орта салмақ чемпионы Головкиннің титулдық жекпе-жегін алып қоймақ Сурет: CBS Sports

38 жастағы кубалық боксшы Эрисланди Лара (28-3-3, 16 КО) екі салмақтағы WBA титулының бірінен бас тартты, деп хабарлайды vRINGe.com.

blog.share

38 жастағы кубалық боксшы Эрисланди Лара (28-3-3, 16 КО) екі салмақтағы WBA титулының бірінен бас тартты, деп хабарлайды vRINGe.com.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы Лараға қай салмақта жұдырықтасатыны туралы бір шешімге келуге міндеттеді - бірінші орта (69,9 келіге дейін) немесе орта дивизионда (72,6 келіге дейін). Эрисланди екі салмақта да WBA Regular титулына ие.

Boxingscene.com мәліметінше, боксшының командасы WBA ұйымына орта салмақта қалатындарын хабарлапты. Сонымен қоса, олар ұйымнан Эрисландиға WBA Super чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жедел арада жекпе-жек ұйымдастырып беруін сұраған. 

Ал Мурата желтоқсанда IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!