Бокс
2 шілде 13:04

Орнынан әзер тұрды. Холифилд қарсыласын бірінші раундта құлатты

©twitter.com/trboxing

Екі салмақта абсолют чемпион болған атақты Эвандер Холифилдтің ұлы (12-1, 8 KO) Эванд Холифилд екі жылдық үзілістен кейін рингке оралды, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Нэшвилл қаласындағы Texas Troubadour Theatre аренасында өткен бокс кешінде 27 жастағы Холифилд америкалық Латревеон Грантпен (1-2, 1 KO) жұдырықтасты. Бірінші орта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, бірақ алғашқы раундта-ақ аяқталды.

Аңыз боксшының ұлы қарсыласын бірінші раундтың аяқталуына 25 секунд қалғанда нокаутқа түсірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport