Бокс
Бүгін 15:21

Орнына тұра алмады! Қазақстандықтың салмағындағы айқаста ауыр нокаут болды

©Видеодан кадр

Испания құрамасының боксшысы Серхио Мартинес IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келі салмақтағы жекпе-жекте Мартинес португалиялық Диого Семедоны екінші раундта нокаутқа түсірді: соққының ауырлығынан қарсылас өз бетімен тұра алмай қалды.

Айта кетейік, осы салмақта Қазақстан атынан Сабыржан Аққалыков өнер көрсетеді. Бүгін ол Жаңа Зеландия боксшысы Таухиримати Тохерири-Халлеттпен кездеседі. 8 желтоқсанда Қазақстан құрамасының тағы алты боксшысы рингке шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport