1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
22 қаңтар 15:13
 

"Өркөкірек сияқты көрінетін". Елеусінов Головкинмен келіспеушлік туралы сұраққа жауап берді

  Пікірлер

blog.share

"Өркөкірек сияқты көрінетін". Елеусінов Головкинмен келіспеушлік туралы сұраққа жауап берді ©ringtv.com

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов айналған отандасы Геннадий Головкинмен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов айналған отандасы Геннадий Головкинмен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Елеусіновтің сөзінше, қазіргі уақытта олардың арасында ешқандай келіспеушілік жоқ. Данияр бұрын GGG туралы басқа пікірде болғанын, бірақ, кейін оны өзгерткенін жасырмады.

"Кей адамдар маған GGG туралы сұрақ қояды — біздің арада не болды дегендей. Бізде қарым-қатынас жақсы, бәрі дұрыс. Бұрын мен оны өркөкірек, адам менсінбейді деп ойлайтынмын. Бірақ қазір мен оны түсінемін. Өйткені ол мүлде бос емес еді, ол чемпион болатын.

Қазір бізде ешқандай проблема жоқ, өйткені біз бір елді, бір туыды қорғаймыз. Мен де ол секілді болғым келеді", - деп Instagram парақшасында жазды Елеусінов.

Данияр Елеусінов Рио-2016 олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы (2013), Азия ойындарының екі дүркін чемпионы (2010, 2014), Азия чемпионы (2013, 2015). Кәсіпқойда ол жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental белбеуінің (2020—2022) иегері және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуінің (2021—2024) иегері болған.

Данияр соңғы рет рингке 2025 жылдың шілде айында АҚШ-тың Вашингтон қаласында шықты. Оның қарсыласы - филиппиндік Джеймс Бэкон (26-6, 17 КО) болды. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!