Орамалды кеш лақтырды. Канелоның салмағындағы айқас ауыр нокаутпен бітті

©de elvocero.com

АҚШ-тың Орландо қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында америкалық Эдгар Берланга мен ирландиялық Пэдрэйг Маккрори жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz.

Екінші орта салмақта өткен жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда алтыншысында Берланга қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа түсірді. Маккрори төрт тағандап тұра алмай жатқанында оның командасы рингке ақ орамал лақтырды. 

Осылайша, 18 жеңіске жеткен Пэдрэйг карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Ал Берланга осымен он жетінші қарсыласын сұлатты, ал жалпы ол 22 жекпе-жегінің ешбірінде жеңілмеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар