Бокс
Кеше 14:58

Оралбай мен Сабырхан. Бүгін Испанияда 13 боксшымыз рингке шығады

©ҚР ҰОК

Бүгін, 5 ақпанда Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite халықаралық бокс турнирінде кезекті жекпе-жектер өтеді. Ла-Нусия қаласындағы рингке Қазақстан құрамасынан 13 боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады. Тікелей көрсетілімдер төмендегі сілтемелер арқылы қолжетімді:

A рингі — тікелей эфир
B рингі — тікелей эфир

A рингі

Әйелдер. 60 кг — Виктория Графеева — Мауд ван дер Торн (Нидерланд)
Әйелдер. 65 кг — Назерке Серік — Марианна Сото Торрес (Испания)
Ерлер. 55 кг — Махмұт Сабырхан — Алвин Ванукага (Швеция)
Ерлер. 60 кг — Серік Теміржанов — Кеома-Али Аль Ахмади (Канада)
Ерлер. 75 кг — Тимур Нұрсейітов — Кайл Шоу-Туллен (Англия)
Ерлер. 90 кг — Оңталап Рахманов — Эммануэль Рейес (Испания)
Ерлер. +90 кг — Нұрасыл Асылхан — Саван Гилл (Үндістан)

B рингі
Әйелдер. 60 кг — Виктория Байдукова — Татьяна Довгаль (Украина)
Әйелдер. 65 кг — Ақнар Ишанова — Каял (Үндістан)
Ерлер. 55 кг — Бексұлтан Боранбек — Максимус Томинес (Канада)
Ерлер. 75 кг — Аман Қонысбеков — Хассана Эль Кадми (Франция)
Ерлер. 90 кг — Сағындық Тоғамбай — Кандоро Сукуна (Франция)
Ерлер. +90 кг — Айбек Оралбай — Мэтт Уильямс (Англия)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport