Бокс
Кеше 23:08

Орақбаева "Странджа кубогінде" қарсыласынан жеңісті жұлып алды

©

Қазақстандық боксшы Жәзира Орақбаева "Странджа кубогі"-2026 турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/16 финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Орақбаеваның қарсыласы алжирлік Фатиха Мансури болды.

Раундтар есебі қазақстандық спортшының пайдасына 4:1, 1:4, 4:1 болып тіркелді. Төрешілердің хаттамалық ұпайлары бойынша жеңіс Жәзираға берілді — 30:27, 29:28, 29:28, 27:30, 29:28.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport